Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі. Осындай тақырыпта Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде кездесу өтті. Білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды.


 Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекет тұрақтылығы мен қоғам дамуының басты кепілі. Ол тек экономикалық өсімге ғана емес, адамгершілік құндылықтардың әлсіреуіне де әсер етеді. Кездесуге қоғам өкілдері мен құзырлы органдардың мамандары қатысып, жастарға әділдік пен адалдық қағидаттарын дәріптеу бағытында мазмұнды әңгіме өрбітті.


БАХТИЯР ЕСЖАНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазір қылмыс санының көбеюіне байланысты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мәдениеттілікті арттыру ісін таратып жатырмыз. Мұндағы мақсатымыз – жас ұрпақты білімділік пен біліктілікке тәрбиелеу.


Спикерлер сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына тигізетін кері әсеріне тоқталып, жас ұрпақтың парасаттылық пен әділдікке негізделген өмірлік ұстаным қалыптастыруының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру жайы айтылды.


СЕРҒАЛИ ЖАНҰЗАҚОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ШҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Өздеріңізге белгілі, бірінші бағытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға басымдық беріліп, қылмыстық-құқықтық тәжірибе соңғы құқықтық шара ретінде қолданылуда. Қазіргі таңда біздің құзыретімізге қылмыстың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстарын жүргізу кіреді.


 Қоғамның тұрақтылығы заң мен тәртіптің сақталуына тікелей байланысты. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар жастарды заңды құрметтеуге, әділдікті басты құндылық ретінде бағалауға үндейтінін айтады.