Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында кезекті жоғары технологиялық трансплантация сәтті орындалды. Бұл – қалада жасалған 241-бүйрек ауыстыру операциясы. Дәрігерлер бұл жолы туған ағасының бүйрегін інісіне трансплантациялау жолымен салып берді.


Науқас 2024 жылдан бері созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен есепте тұрып, былтырдан бері гемодиализ аппаратына тәуелді болып келген. Қажетті медициналық тексерулер мен рәсімдер толық орындалып, 5 қараша күні туыстық бүйрек ауыстыру операциясы жасалды. Ота сәтті өтті, қазір донор мен реципиенттің жағдайы тұрақты. Ем-шаралар бекітілген хаттамаға сай жүргізілуде. Бүйрек трансплантациясы – пациенттің денсаулығын жақсартып, қалыпты өмірге қайта оралуына мүмкіндік беретін жоғары технологиялық ем түрі. Шымкентте бүгінге дейін 241 бүйрек және 33 бауыр алмастыру отасы жасалған. Бұл – өңірде трансплантологияның дамып, жоғары мамандандырылған медициналық көмектің жергілікті деңгейде қолжетімді екенін көрсетеді.