Қазақстанда соңғы апта ішінде 150 мыңнан астам адам тұмау жұқтырған. Бұл көрсеткіш былтырғы кезеңмен салыстырғанда 5,8%-ға жоғары.


Мамандар дерттің дендеуін маусымаралық кезеңмен байланыстырып отыр. Қазан айының ортасынан бастап елде А типті тұмау анықтала бастаған. Эпидемиологтардың дерегінше, коронавирус инфекциясы әлі де айналымда. Алайда өткен жылдармен салыстырғанда таралудың қарқыны төмендеген. Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды уақытылы тұмауға қарсы вакцина алуға үндеп отыр.