Қала аумағында жол-көлік оқиғалары күн сайын орын алып, жәбірленушілердің саны артып келеді.


 Оның басты себептерінің бірі - жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен ұялы телефондарға жиі алаңдауы. Мұның салдарынан жаяу жүргіншілерді қағу және басқа көліктермен соқтығысудың 4 дерегі тіркелсе, жаяу жүргіншілердің рұқсат етілмеген жерлерден жолдан өтуі бойынша 2 іс тіркелген. Ал кәмелетке толмағандардың электронды скутерлер мен самокаттарды жол ережесін сақтамай басқаруы бойынша 1 жайт, алкогольді масаң күйде көлік басқару бойынша 1 факті анықталған.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

Сол себепті қала тұрғындарын көлік құралдарын басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ал ата-аналарды өздерінің кәмелетке толмаған балаларының өмірі мен денсаулығын сақтау үшін оларға скутерлер мен жылдамдығы жоғары самокаттарды жүргізуге қатаң тиым салуға шақырамыз. Бұдан бөлек, көпқабатты пәтерлерде велосипед, бала арбалары және сол сияқты заттардың ұрлануы күн сайын артып келеді. Мысалы, 06 қараша күні Қонаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен белгісіз адам бала арбасын жасырын жымқырған. Сондықтан қала тұрғындарына бұндай заттарды дәліздерде қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеміз.