Ордабасы ауданында «Тұлғаның жас ерекшеліктері мен әлеуметтік тәжірибесін ескере отырып, ерте кәсіптік бағдар беруін модельдеу» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Балабақша қабырғасында өткен іс-шарада мектепке дейінгі балалардың жеке ерекшеліктерін дамытып, қоғамға бейімдеу тәсілдері талқыланды.


Іс-шарада балаларға мамандық таңдау мен қоғамға қызмет етудің мән-маңызы айтылды. Елге сыйлы, халыққа пайдалы тұлға болу үшін адам бойында қандай қасиеттердің қажет екені түсіндірілді. Негізгі мақсаты -жас өрен санасына адал азамат бейнесін насихаттап, әділдік ұғымын сіңіру.


 ШӘМШИЯ АБЖАЛОВА, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ

Балабақшаның өзінде-ақ кәсіптік бағдарға үйретіп, бағыт-бағдар беру, әр кәсіпті бағалауға үйрету. 


 Семинар барысында балабақша ұжымы мен тәрбиеленушілері концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сахналық көрініс көрсетіп, өнерлерін паш етті.


ЗҮЛЬФИЯ ӘМРЕЕВА, БАЛАБАҚША ӘДІСКЕРІ

 Балабақшамыздың ашылғанына 6 жыл болды. Сол алты жылда жинаған іс-тәжірибемізді аймақтағы басқа балабақшалармен бөлісіп, біліктілікті ұштауды көздеп отырмыз. 


Семинар барысында мамандар өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырды.