Алдағы он күнде қаладағы бірнеше көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. А-2 тас жолы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды.
А-2 айналма тас жолындағы көлік қозғалысы таңғы сағат 09:00-ден бастап жабық. Бозарық айналмасынан Тұран шағынауданындағы Қожаберген жырау көшесіне дейінгі аралықта бүгіннен бастап көлік қозғалысы шектелді.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
Сондай-ақ, Құдайбергенов көшесінен Шапағат көшесіне дейінгі аралықтағы Сареми және Жаңақұрылыс көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы кезең-кезеңімен шектелді. Жөндеу жұмыстары 11 қарашада басталған, көлік қозғалысы 1 аптаға шектеледі.