Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі институты өз тиімділігін көрсетіп отыр. Тәртіптік комиссия отырыстары біршама құқықбұзушылық әрекеттердің алдын алуға сеп болған. Мамандар жүйелі іс-шаралар методикасын қалыптастыру жұмысын әлі де жалғастыра беретінін айтты.


 Жиында кәсіби мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптар мен дағдылар ортаға салынып, бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алу мәселелері кең талқыланды. Әділетті Қазақстанды құруда мемлекеттік қызметшілердің адалдық пен парасаттылық идеологиясына бейім, ант пен аманатқа адал болу қажеттігі атап өтілді.


 ҚАНАТ ҚАДЫРБЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Мемлекеттік кірістер органдарына хабарлау ЭЦҚ арқылы «E.лицензия» сайтына кіріп, хабарландыру бөлімінде өз деректерін енгізу немесе «Kaspi.kz» және «Homebank» мобильді қосымшасы арқылы тіркелу арқылы жүзеге асады.


Мемлекеттік қызметкердің бойында адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру қажет. Кәсіби біліктілікті сақтай отырып, отанға адал қызмет етуге үйрету – басты міндет.


МҰРАТЖАН АКИШОВ, ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ

Мобильді қосымшада мемлекеттік қызмет қатарына кірмейтін бірнеше қызметтер де қарастырылған. Бұл жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауына арналған әртүрлі қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.


Сондай-ақ, жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берген лауазымды тұлғалардың аты аталды. Отан алдында жүктелген қызметті адал атқармаудың соңы – ауыр қылмысқа әкеп соқтыруы мүмкін екенін жеткізді.