«AMANAT» партиясы тұрғындарды тазалыққа шақырады. Көшбасшы саяси ұйым өкілдері өзгеге үлгі болып, игі іске өздері атсалысуда. Кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасын тапты. Сенбілік Жібек жолы бойындағы көпқабатты тұрғын үй ауласында өтті.


Тазалық жұмыстарына 50-ден астам адам білек сыбана кірісті. Олар арық-атызды қалдықтан тазартып, айналаны ретке келтірді. «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы өкілдері аулаларды табиғи қоқыстан аршуға белсене араласып жүр.


ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Біздің “Таза бейсенбі” акциясына ерікті түрде қала тұрғындары өз үлесін қосып жатыр. Аулаларын, арық-атыздың жағаларын тазалап, тал егіп жатыр. Мұның барлығы экологиялық мәдениетті қалыптастырады.


Жібек жолы бойындағы №54 көпқабатты тұрғын үй ауласында инертті материалдарды тазалау және қоқыстарды жинау жұмыстары жүргізілді. Коммуналдық қызмет мекемесінің жұмысшылары да санитарлық тазалық шараларына атсалысты. Бастаманы ерікті жастар қолдап, игі іс жалғасын тапты.


АРЛЕН ТІЛЕУОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ

Шымкент қаласында 5 аудан бар. Сол аудандарда әр апта сайын кезекпен тазалық жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Бүгін Еңбекші ауданындамыз. Жалпы, бұл акция жас буын үшін өте пайдалы.


Мұндай тазалық шаралары былтырдан бері 84-ші рет ұйымдастырылып отыр. Нәтижесінде 4 680 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Жалпы, акцияға 3 мыңнан астам азамат атсалысқан.