«AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының атқарған жұмысы көңіл көншітерлік. Қоғамда нәзік жандылардың белсенділігін арттыру бағытындағы жобалар нәтижесіз емес. Бұл туралы Саяси кеңес бюросы мен қалалық мәслихаттағы партия фракциясының бірлескен отырысында айтылды. Жиында, сондай-ақ, «Халықпен бірге!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды.
2025 жылы белсенді әйелдердің қатысуымен 70-тен астам іс-шара өткізілген. БАҚ пен әлеуметтік желілерде Әйелдер қанатының қызметі туралы 200-ден астам материал жарияланған. Қазір Әйелдер қанаты 150-ден астам белсенді әйелді біріктіреді. Олардың қатарында мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, медицина, білім, мәдениет, ғылым және БАҚ өкілдері бар.
«Қарашаш ана» өңірлік жобасы да нәтижесіз емес. Репродуктивтік денсаулық, бала тәрбиесі, көшбасшылық және қарым-қатынас мәдениетіне арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылған.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде әйелдерге арналған ай сайынғы қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Соның нәтижесінде 18 әйел жұмысқа орналасып, 15 азаматша заңгерлік кеңес алған, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық көмек көрсетілген.
Әйелдер қанатының мүшелері әлеуметтік жобаларға да белсенді атсалысып жүр. Мәселен, «Баланы мектепке дайындайық» акциясы аясында 100 бала мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Ал «Тең мүмкіндіктер» инклюзивтік фестивалінің өңірлік кезеңі жоғары деңгейде өткен.