Мегаполис медицинасы өзге қалалардан кем емес. Тұрғындар ем алу үшін басқа өңірлерді жағалап, шет елдерге сабылмайды. Қалада күрделі оталар жасалады. Ақ халаттылар үнемі біліктілігін арттырып, тәжірибесін жетілдіруде.


 Медицина саласын жаңғыртып, даму қарқынын одан әрі ілгерілету мақсатында сараптамалық талқылау өтті. Мамандар ортақ мүдде жайында пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Эксперттер баяндамалар оқып, жобаларын таныстырды.


БАҚЫТЖАН АБДУЛЛАЕВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 – «Бұрын науқастар Алматы мен Астанаға баратын. Қазір оларды мүмкіндігінше қала деңгейінде емдеп жатырмыз. Мамандар тартылып, біліктіліктерін жетілдіруде. Сондай-ақ жаңа технологиялар игерілуде.» 


Шаһарда медицина академиясы жұмыс істейді. Болашақ дәрігерлер теорияда алған білімін тәжірибеде ұштай алады. Арнайы лабораториялық зертханалар, кітапханалар және клиникалық базалар бар. Студенттер тағылымдамадан өтіп, практикалық дағдыларын жетілдіреді.


 ӘРІПБАЙ ЖҰМАЛЫ, ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

«ОҚМА профессорлары өз көзқарастарын таныстырады. Жетістіктерді кең тарқатып айтады. Кемшіліктерді жою жолдарын қарастырамыз.»


Конференцияға студенттер де қатысып, біліктілік ұштады. Эксперттер баяндамаларды тыңдап, қажет тұстарын түртіп алды.


СЕРЖАН ЖАНӘДІЛОВ, СТУДЕНТ

 – «Университеттің заманауи симуляциялық орталықтары және клиникалық базалары арқылы болашақ дәрігерлер халықаралық деңгейде даярланады. Біздің мақсат – білікті маман болу.» 


 Кездесу барысында академия оқытушы-профессорлары мен емхана қызметкерлері тәжірибе алмасты. Халыққа сапалы әрі жедел қызмет көрсету үшін жаңа жобалар мен бастамалар талқыланды.