Шымкентте медиа саласының мамандары кәсіби біліктіліктерін арттырды. Бұл халықтың осы саладағы медиасауаттылығын көтеруге септігін тигізбек. Ақпарат ағыны қарқынды дамып жатқан заманда әр азаматтың жалған дерек пен шынайы ақпаратты ажырата білуі аса маңызды, – дейді мамандар.


Медиасауаттылық – тек ақпаратты оқу немесе көру емес, оны сыни тұрғыдан талдап, мәнін түсіне білу. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жобалардың басты мақсаты – халықтың ақпараттық қауіпсіздігін нығайту, қоғамдағы өзара түсіністік пен сенімді арттыру.


АЙГҮЛ КЕРІМБАЙҚЫЗЫ, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 БАҚ саласындағы ең маңызды тақырыптар: журналист этикасы, БАҚ құралдарындағы қазақ тілінің сауаттылығы. Сондай-ақ, журналистикада жасанды интеллектінің тиімділігі жөнінде талқылау болады.


Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары саласында еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру – басты міндеттердің бірі. Жаңа технологиялар мен заманауи медиаөндіріс әдістерін меңгеру арқылы журналистер халыққа сапалы, объективті және сенімді ақпарат ұсына алады.


ҰЛЖАН НАУШАБАЕВА, «АЙҒАҚ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ

 Бүгінде кәсіби маман мен қарапайым блогердің жұмысын көп адамдар шатастырып алады. Барлық блогерлер журналист емес. Көпке теріс ықпал етуге болмайды, бірақ өзін блогер деп таныстырып, журналистердің этикасына кері әсер етіп жатқандар жоқ емес.


Медиа қызметкерлерінің этикалық нормаларды сақтауы мен кәсіби жауапкершілігі – қоғамның ақпараттық мәдениетінің ажырамас бөлігі. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, олар кәсіби шеберлігін шыңдайды және болашақта қоғамға адал қызмет ететін жаңа буын журналистер қалыптасады.