Алкоголь өндіретін жасырын цех қызметінің жолы кесілді. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен қалалық полиция басқармасы алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру фактілерін анықтау мақсатында бірлескен іс-шара жүргізді.


 Тексеру барысында «Родная степь» маркалы 2 623 бөтелке алкоголь өнімдері, жалпы көлемі 3 500 литр этил спирті бар сұйықтық тәркіленді. Сонымен қатар, өнім құюға арналған 2 аппарат пен 10 000 бос бөтелке алынды. Қазір аталған дерек бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.