Фейерверк атқандар жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары бейнебақылау арқылы түнгі уақытта жастар тобының отшашу ұйымдастырғанын анықтады.


Олар тұрғындардың тыныштығын бұзумен қатар, пиротехниканы ағаштардың арасына қойып, өрт шығу қаупін төндірді. Оқиға орнына полиция экипажы жолданып, қауіпті әрекеттер дер кезінде тоқтатылды. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, мұндай әрекеттердің салдары түсіндірілді. Полиция аталған құқық бұзушылық қоғамдық тәртіпті бұзып, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді.