Өткен аптада тергеу органдарының өндірісінде жалпы 191 іс тіркеліп, оның 8-і сотқа жолданған. Жауаптылар қылмыстық істердің басым бөлігі алаяқтық фактілері екенін айтады. Әсіресе, интернет әккілеріне аланатындар әлі де бар. Шымкентте бір аптада 61 алаяқтық іс тіркелген.
Қала көшелеріне бейнебақылау құрылғылары орнатылып, қызметкерлер арнайы көліктермен жасақталғанына қарамастан, қылмыс жасау тыйылмай тұр.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
Өткен аптада тергеу органдарының өндірісінде жалпы 191 іс тіркелді, оның 8-і сотқа жолданды. Алаяқтық – 61 іс, ұрлық – 47 іс, есірткінің заңсыз айналымына қатысты – 12 іс, жол-көлік оқиғаларына қатысты – 6 іс. Алаяқтық қылмыстарының басым көпшілігі интернет-алаяқтық – 40 іс.
Ресми өкіл құқық қорғау органдарына тіркелген қылмыстың басым бөлігі алаяқтық фактілері екенін айтты. Бір аптада 40 іс тіркелген.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
Қайталап айтып отырмыз: 1414-тен жолданған SMS кодты ешкімге айтпаңыз. Өткен аптада «Л» есімді азаматшаға белгісіз адам жергілікті аурухананың қызметкері ретінде қоңырау шалып, 1 200 000 теңге қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды. Ол бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Әкім орынбасары жол-көлік оқиғаларының азаймай тұрғанын айтты. Оған жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен ұялы телефонға жиі алаңдауы себеп болып отыр. Бұдан бөлек, көп қабатты пәтерлерде велосипед, бала арбалары және сол сияқты заттардың ұрлануы фактілері де тіркеліп жатыр. Мысалы, 14 қараша күні 17 ш/а, 11 үйдің көршісінде тұрған велосипед ұрланған.