Арыс қаласындағы №4 бастауыш мектептің 3-сыныбында оқитын 20 оқушы сол қолымен жазады. Әлемде әрбір он адамның бірі ғана солақай екендігін ескерсек, бұл сыныпқа тек таңдаулылар ғана жиналғандай. Ерекше бүлдіршіндер жайында бейнесюжеттен көрейік.
Зейнеп Бақыт – тумысынан солақай. Жан – жақты, алғыр оқушы сурет салып, ән-би үйірмелеріне қатысады. Түрлі мектепішілік жарыстардан да тыс қалған кезі жоқ. Ол оң қолымен де кез келген жұмысты атқара береді.
ЗЕЙНЕП БАҚЫТ – ОҚУШЫ
Мен үйде атама ұқсағанмын. Атам да солақай. Оңақайларға қарағанда әдемірек жазамын. Күнде 10 балл алып келемін мектептен. Мен үйде оң қолмен тамақ ішемін, бірақ басқа да заттарды сол қолмен жасаймын.
Солақайлардың дені шығармашылыққа бейім келеді. Олардың арасынан көбіне суретші, жазушы, әнші және тілші шығады. Десе де өнерге жақын жандардың барлығы бірдей солақай емес. Ал бұл сыныпта оқитын бүлдіршіндердің жазуы маржандай, өздері ізденімпаз.
ӘЛИНҰР СӘБИТБЕК – ОҚУШЫ
Мен оң қолға қарағанда, сол қолмен тез әрі әдемі жазамын. Менің отбасымда үш адам сол қолмен жазады. Атам, әкем, ағам, сосын мен.
Сыныптағы 24 баланың 4-уі ғана оңқай. Мұғалімдерінің айтуынша, шәкірттерінің қай қайсысын алсаңыз да оқуға құштар, жаңа дүниені білмекке ұмтылысы зор.
САРА ӘЛІМБЕКОВА – СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ
Біз бастауышта оқушылардың көркем жазуына көп мән береміз. Сол кезде мен оқушыларымның жиырмасының сол қолмен жазатынына қатты таң қалдым. Бізде алғашқыда өте қиын болды. Өйткені, бастауыш болғаннан кейін, кеудеңді көтеріп жаз, оң қолмен жаз деп көп тәрбие жолдарын үйретеміз.
Ұстазы оқушылардың ыңғайын байқағаннан кейін балалардың ата-аналарымен байланыс орнатып, психологтың көмегіне жүгініпті. Нәтижесінде, оқушылардың бесеуінің бойынан ғана тұқымқуалаушылық анықталған. Ал, қалғанында туабітті қасиет екеніне көз жеткіздік дейді – мұғалім.
САРА ӘЛІМБЕКОВА – СЫНЫП ЖЕТЕКШІ
Сол қолмен жазатын баланы оң қолмен жазуға мәжбүрлеуге болмайды екен. Бұл кекештікке, невриоздық ауруға ұшыратады. Сол себепті, бұл оң қолмен жазатындардың сол жақ миы,сол қолмен жазатындардың оң жақ миы көбірек жетіледі. Енді менің солақай оқушыларым оң жақ та, сол жақта миы жұмыс жасай береді.
Сыныптастар бірнеше үйірмеге қатысады. Түрлі салаға қызығушылықпен қарайтын олар, бос уақыттарын тиімді өткізеді.