Қазақстан туу көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарына қосылды Елімізде балалар халықтың үштен бірін, яғни 34%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға тұрақты өсіп келеді. Мұндай демографиялық серпін мемлекет саясатының балаларды қорғауға бағытталған тұрақты сипатын айқын көрсетеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
БҰҰ және өзге де халықаралық ұйымдар Қазақстанның балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету ісінде қол жеткізген тұрақты нәтижелерін атап өтті. Осы оң үрдістің аясында Қазақстан туу туралы актілерді тіркеу көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарынан орын алды. Бұл көрсеткіш қазіргі таңда 100%-ға жуықтап, бала құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарға толық сай келеді», – делінген хабарламада. ЮНИСЕФ жүргізген 2024 жылғы MICS зерттеуінің нәтижелері бойынша, Қазақстандағы балалардың тамақтану көрсеткіштері Еуропа мен Орталық Азия елдерінің деңгейіне сай келеді.