Елімізде МӘМС төлемегендерге несие берілмеуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге несие алушының міндетті жарналары жайлы мәліметті ескеруді міндеттеді.
Енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды төлемеген жағдайда несие қабілеттілігі төмендейді. Яғни көрсеткіш нашар несие тарихымен бірдей деңгейде есептеледі. Алайда бұл норма тек 10 млн теңгеден жоғары сомадағы берешекке ғана қатысты болмақ.