Енді жасанды интеллект арқылы жасалған контентке арнайы белгі қойылуы тиіс. Талап қарапайым желі қолданушыларына да қатысты. Заңнаманы ескермегендерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.


Дәлірек айтсақ, жасанды интеллект арқылы жасалған материалды арнайы көрсетпеген, жалған мәлімдеме жасаған, дискриминациялық мазмұн таратқан азаматтарға айыппұл салынады. Төлем мөлшері жеке тұлғалар үшін 64 875 теңге, шағын бизнес ұйымдарына 86 500 теңге, ал орта және ірі бизнес субъектілері үшін 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы құрайды. Заңбұзушылық қайта анықталған жағдайда айыппұл көлемі ұлғаяды.