Еліміздің солтүстік бөлігінде қар жауып, ауа температурасы минусқа түссе, оңтүстік өңір тұрғындары қыстың ызғарын әлі сезіне қойған жоқ. Желтоқсанның алғашқы онкүндігінде Түркістан облысының таулы аймақтарында қар жауып, көктайғақ күтіледі.


Қыс қаһарына енді мінеді. Жылдың соңғы айында қар жауып, жауын-шашын күтіледі. Маусым барысында кей кезеңдерде бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ, тұман сияқты қолайсыз құбылыстар жиі байқалады, дейді синоптиктер. Алайда табиғаттың құбылмалы мінезін алдымен Түркістан облысының тұрғындары сезінеді.


ӘСЕМ НҰРЛЫБАЕВА, ИНЖЕНЕР-СИНОПТИК
4–5 желтоқсанда атмосфералық фронттардың әсерінен Түркістан облысында жауын-шашын жауады. Таулы аймақтарда қар жауады, тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде 0–5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 5 градус аяз. Күндіз 5–10 градус аралығында жылы болады. 8–10 желтоқсанда облыс бойынша жауын-шашын жауып, арты қарға айналады. Облыстың таулы және тау бөктерінде қатты қар жауып, көктайғақ күтіледі.


 11–12 желтоқсанда облыста ауа температурасы қайта жоғарылайды. Күн райы күндіз 3–8 және 7–12 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда. Айта кетейік, синоптиктер биыл қыс маусымы қалыптыдан жылы өтетінін айтып отыр.