Енді елде жеке стоматологиялық клиникалар тексеріледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Оның сөзінше, жыл басынан бері 160 тіс емханасына мониторинг жасалған. Тексеріс кезінде негізделген талаптар ескеріледі. Еске сала кетсек, осыдан бір жыл бұрын елордада жеке клиниканың тіс дәрігерлері бүлдіршіннің 18 тісін бірден емдемек болған. Үш жарым сағатқа созылған операциядан кейін бала есін жимастан көз жұмды. Қазір сот процесі жүргізіліп жатыр.