Енді жалған ақпарат таратсаңыз, 3 миллион теңге айыппұл арқалайсыз. Бұл мөлшер ақпараттың таратылу тәсіліне қарай өзгеріп отырады.


Егер сіз туралы біреу жалған ақпарат беріп, ар-намысыңызға тисе, ең алдымен қажетті дәлелдерді жинақтау қажет. Яғни жазбалар мен бейнежазбаларды алып, куәгерлердің деректерін айғақ ретінде қолдана аласыз. Құжаттарыңыз бен жеке куәлік көшірмесін e-Otinish порталы арқылы полицияға жолдайсыз. Немесе құқық қорғау органдарына барып, жазбаша арыз беруге болады.