Қазақстандықтарға зейнетақы жинағындағы қаражатты көз емдетуге пайдалану тыйым салынды. Жаңа заңнама бүгіннен бастап күшіне енді.


 Денсаулық сақтау министрлігі соңғы айда саладағы шикіліктерді байқап, тексеріс жүргізуге кіріскен. Нәтижесінде өрескел заң бұзушылықтар анықталған. Тұтынушылар көз клиникаларымен келісімшарт жасап, мекенжайын түрлі қалада деп көрсеткен. Ал тексеру кезінде мұндай клиникалардың жоқ екені белгілі болды. Сондықтан енді зейнетақы қорындағы қаражат бұл мақсатта қолданылмайды. Алайда жинақтағы ақша шекті сомадан асқан жағдайда ипотекаға аударуға болады.