Шымкентке жұмыс сапарымен ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс келді. Ведомство өкілі жергілікті тұрғындармен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Азаматтар жарықтың жиі сөнуі мен көгілдір отынға қол жеткізу мәселесін көтерді. Сондай-ақ соңғы уақытта көлік жүргізушілері үшін өзекті мәселе болып тұрған сұйытылған газдың жетіспеушілігінің себебі сұралды.
Шымкентте жылына 1,8 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндіріледі. Ал халықтың тұтыну көрсеткіші 6,9 млрд кВт/сағ-қа жеткен. Қаланың электр және жылу энергиясының негізгі көзі — «3-Энергоорталық» АҚ. Оның орнатылған электр қуаты 160 МВт, жылу қуаты — 540 Гкал.
БАҚЫТЖАН ІЛИЯС, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Облыстағы өңірлік энергия беру компаниясы — «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС болып табылады. Оның активтерінде 23,2 мың км кабельдік және әуе электр желілері, сондай-ақ шамамен 6,3 мың кіші станция бар.
Тұрғындар ведомство өкілінен сұйытылған газ тапшылығының себебін сұрады. Сонымен қатар кейбір тұрғындар елдімекендерді көгілдір отынмен қамтуға қатысты сауалдарын жолдады.
Вице-министр қала аумағын электр энергиясымен қамту ісімен танысты. Содан кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ведомство өкілінің қабылдауына кәсіпкерлер де жеке шағымдары бойынша жазылған.