Түркістан қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, корпорация қызметкерлері мен сала ардагерлерін мерейтоймен құттықтады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2005 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен «бір терезе» қағидатын енгізу нәтижесінде құрылған болатын. Содан бері халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматын қалыптастырып, азаматтар мен мемлекет арасындағы тиімді байланыстырушы институтқа айналды. Түркістан облысы – халқы ең көп өңірлердің бірі. Бүгінде облыста арнайы қызмет көрсетуге арналған 59 ғимарат, 26 фронт-офис және 52 бэк-офис жұмыс істейді. 2025 жылдың 11 айында Түркістан облысында жалпы 928 158 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде электрондық түрде 2536, дәстүрлі форматта 925 622 қызмет ұсынылған. Өңір басшысы саладағы үздік қызметкерлерге арнайы алғыс хат табыстады. Жауапты қызметкерлерді төл мерекесімен құттықтады.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Халыққа сапалы қызмет көрсету өте маңызды, азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетіп отыр. Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді етіп отырған сіздердің еңбектеріңіз мол. Бүгінгі мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, табыс тілеймін, еңбектеріңізге жеміс тілеймін.
«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ»: 20 ЖЫЛ