Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен кезекті жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың көкейінде жүрген өзекті мәселелерін тыңдады.
Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылған кездесуге келгендер құқық қорғау саласына қатысты сауал жолдады. Тұрғындардың әрбір өтінішін мұқият тыңдаған сенаторлар көтерілген мәселелердің мән-жайын анықтап, жергілікті атқарушы органдарға және құзырлы мекемелерге нақты тапсырмалар берді.