Шымкент қаласының Құрсай тұрғын алабында қуаттылығы 40 МВА болатын «Ақжар» электр қосалқы станциясының ашылды. Жаңа нысанның жабдықтары барлық техникалық тексерулер мен сынақтардан сәтті өткен.


2026 жылдың басында, 220/110/6 кВ «Қазығұрт» қосалқы станциясында үшінші автотрансформатор орнатылған соң толық жүктеме беріледі. Қосалқы станцияның іске қосылуы Құрсай тұрғын алабындағы абоненттерді жаңа электр желісіне қосуға, кәсіпкерлік қызметті кеңейтуге және «Сауда-логистикалық орталық» индустриялық аймағындағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жоба нәтижесінде қаланың энергетикалық жүйесін сақиналау жұмыстарын одан әрі дамыту арқылы электр қуатымен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Жоба жаңа абоненттерді қосуға, кәсіпкерлік қызметті кеңейтуге және «Сауда-логистикалық орталықтың» өндірістік әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.