2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай, жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыру, олардың қажырлы еңбегін құрметтеу және мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өркендеуіне қосқан үлесін қолдау ерекше назарда болып отыр. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, экономика мен қоғам дамуына сіңірген елеулі еңбегі үшін әртүрлі салаларда адал қызмет еткен бірқатар азаматтарға наградалар табыстады.


Сонымен қатар, спорт саласын дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін Әлия Юсуповаға «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Қала басшысы барлық азаматтарды кәсібилігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы және өз ісіне адалдығы үшін құттықтап, алғыс білдірді. Мұндай тұлғалар — заманымыздың нағыз қаһармандары болып саналады. Олардың еңбегі тұрғындардың жайлы өмірін, қауіпсіздігін және әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Алдағы уақытта да оларға табыс пен жаңа жетістіктер тілінеді. Бұл азаматтардың үлгісі жастарды шабыттандырып, сұранысқа ие, перспективалы және құрметке лайық жұмысшы мамандық таңдауға ынталандырады деп күтілуде. Еңбек — елдің өркендеуінің негізгі тірегі болып қала береді. Қала әкімдігі қоғам игілігі үшін адал еңбек ететіндерді әрдайым қолдауға дайын.