Қаңтардың бірінші және екінші аптасын салыстыра қарағанда жіті респираторлық вирустық инфекция 1,8 пайызға өскен. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова мәлімдеді. Сөзінше, сіз бен біз тұмау деп қана білетін вирустар мен бактериялардың мың сан түрі бар. Олардан қалай сақтануға болады? Маман кеңесіне құлақ түріңіз.
Әр жылдың 30 қазаны мен 30 сәуірі аралығында тұмау типті аурулар бас көтереді. Әдетте, көзі жасаурап, жөтел қысып, мұрны бітелген азамат ағзадағы өзгерістерге мән бермей асқындырып алады. Маман пікірінше, тұмау мен ЖРВИ симптомдары байқалысымен-ақ оқшауланып, ем-дом шараларын бастау қажет. Әйтпегенде, ауру дендеп, хәл нашарлауы мүмкін.
АЙГҮЛ ТҰРЫМБЕТОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Дұрыс емделмеген жағдайда немесе тіптен емделмеген жағдайда асқынулар қалдырады.
Тұмау типті жұқпалы ауруларды қоғам мүшелеріне тасымалдап, таратпау үшін науқас өзін-өзі оқшаулауы тиіс. Медициналық көмек шақырып, дереу емделу қажет. Қоғамдық орындарға бара қалса, бетперде тағып, ауру ошағын бүркеуі керек. Ал мүлдем сақтанып, ауырмау үшін не істеу қажет?
АЙГҮЛ ТҰРЫМБЕТОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– Тұмауға қарсы мемлекет тарапынан вакцина салынады жыл сайын. Қыркүйек айынан бастап егу жұмыстары жүргізіледі осал топқа жататындарға. Вакцина салған соң ауырмайды деген сөз жоқ, бірақ жеңіл өтеді, асқынулар болмайды. Ол вакцинаны барлық адамға салмайды
Мамандар ауырып ем іздемес үшін, ауырмайтын жолды ұсынады. Ол үшін әр азамат жеке бас гигиенасына жіті мән беріп, тазалық сақтауы қажет. Көшеден үйге кірерде қолды міндетті түрде жуып, ауыз қуысын шаю керек.