Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылды. Бұл туралы бүгінгі өткен келелі жиында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді. Күні кеше құрылтайдың төрт секциясы жеке отырыс өткізіп, елдегі маңызды тақырыптарды талқыға салған. 70-ке жуық мүше сөз алып, өз ұсыныстарын жеткізіпті.
ЕРЛАН ҚАРИН, МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ
Былтыр аймақтардың дамуы бойынша бірқатар бастама іске асты. Қазақстан Республикасының Өңірлік даму тұжырымдамасы қабылданды. Құжаттың басты міндеті – халықты негізгі инфрақұрылымдармен тең дәрежеде қамтамасыз ету. Өңірлердегі негізгі мәдени-туристік іс-шаралардың тізбесі жасалды. Мұның бәрі бір жылда атқарылған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Жалпы Бурабайда айтылған бастамалар мен ұсыныстар негізінде жүйелі жұмыстар жүргізілді. Оларды тиімді іске асыру үшін құрылтай мүшелері секцияларда, жұмыс кездесулерінде түрлі талқылау өткізді.