Кіші Аралдың қалпына келуі бүкіл Сыр өңірін одан әрі көркейтеді. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Сондай-ақ Президент халықаралық экология саммитінде Арал мәселесі талқыланатынын жеткізді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
«Біз су мәселесімен жүйелі айналысуымыз керек. Мен былтыр БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. БҰҰ-ны реформалау барысында осы мәселені алға қарай жылжытуымыз қажет. Алдағы сәуірде Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді. Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз.»