Мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум басталады. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Сонымен қатар, президенттің сөзінше, биыл көктемде Жошы хан туралы фильмді түсіру жұмыстары аяқталады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
«Біз соңғы жылдары сан ғасырлық тарихи мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерделеу және дәріптеу жолында біраз жетістікке жеттік. Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Осы ауқымды жобаның басталғаны туралы Атырауда өткен құрылтай отырысында айттым. Көп сериялы фильнің тұсаукесері беделді халықаралық патформаларда өтеді.»