Әскерилер техникалық біліктілігін пысықтады. 35748 әскери бөлімінің жүргізушілеріне әскери полиция қызметкерлері жол жүрісі ережелері мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша сабақ өткізді.


 Профилактикалық сабақты ұйымдастырудағы мақсат - әскери қызметшілер арасында көлік жүргізу мәдениетін арттыру және әскери көлік құралдарын апатсыз пайдалану. Іс-шара барысында әскери техника жүргізушілеріне өткен жылғы жол-көлік оқиғаларының статистикасы ұсынылып, көліктерді пайдалану кезіндегі негізгі тәуекелдер мен жиі кездесетін бұзушылықтар жан-жақты түсіндірілді. Алдын алу шаралары аясында автокөліктердің техникалық жағдайы, жарық беру аспаптарының, әйнек сүрткіштердің жұмыс істеуі, жазғы дөңгелектердің талаптарға сәйкестігі, өрт сөндіргіштер мен медициналық дәрі қобдишаларының жарамдылығы, сондай-ақ көлік құжаттарының толықтығы бойынша түсіндірме жүргізілді. Аталған сабақтар әскери техника қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып есептеледі.


БЕРІКҚАЛИ ҚОЖАЙБАЕВ, ӘСКЕРИ АВТОМОБИЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ОФИЦЕРІ, ЛЕЙТЕНАНТ
Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскери автомобильдік полиция бөлімшесінің қызметкерлері 35748 әскери бөлімінің жүргізушілерімен техникалық қызмет көрсету кезінде дене жарақаты мен оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл профилактикалық сабақтар алдағы уақытта қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына оң ықпал етеді деп сенемін.