Жаңа Конституция-ел болашағын айқындайтын маңызды құжат. Осылай деген «Ауыл» партиясының мүшелері құжатты жан-жақты талқылап, пікірлерін ортаға салды.


Жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысы мен уақыт талабына сай әзірленген. Құжат мазмұны жаңартылып, ел дамуының басым бағыттары айқындалған. Ата Заңда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені нақты бекітіледі. Ұсынылып отырған жоба кіріспеден, 11 бөлім мен 96 баптан тұрады.


ЖАЗИРА СҰЛТАНҚҰЛОВА, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
 Бір палаталы Парламент 145 адамнан тұрады.Өкілеттіктері 5 жылды құрайды.Жалпы, жаңа Ата Заң сапалы заңдарды шығаруға үлкен қадам деп есептеймін.


 Кездесу барысында жаңа Ата Заң жобасының басты бағыты таныстырылып, ел болашағы үшін маңызы атап өтілді. Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, бірқатар нақты ұсыныстарын білдірді.


ҒАНИ ҚАРАБЕКОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
 Негізінде біз «әділетті әрі прогрессивті Қазақстан үшін» деп ұрандатып жүрміз.Саяси партияның мүшелері, белсенді азаматтардың басын жиын, бүгін жаңа жобаны талқылаудан өткіздік.


Бүгінде Қазақстан халықаралық деңгейде азаматтық еркіндік пен адам құқықтарын қорғауды берік ұстанатын мемлекет ретінде мойындалып отыр. Бұл ұстаным қоғамдық тұрақтылықты нығайтып, ел ішіндегі бірлік пен келісімді арттыруға ықпал етеді. Әсіресе, этносаралық және конфессияаралық татулықты сақтау – мемлекет дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Алдағы кезеңде Конституция мазмұны заманауи талаптарға сай жетілдіріліп, озық құқықтық нормалармен толықтырылатын болады.