Жаңа ата заң жобасында білім беру саласына да ерекше мән берілген. Ұстаз бен оқушының қауіпсіздігі, алаңсыз білім алу құқығы заңмен қорғалатыны атап өтілді. №1 Александр Пушкин атындағы орта мектеп оқытушылары жаңа Конституция жобасын талқылап, ондағы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.


Басқосу барысында білім мен ғылымды ілгерілету, мәдениет пен инновацияны қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты екені айтылды. Спикерлер адам құқығын қорғаудың жаңа тетіктеріне және әлеуметтік әділдікті орнату мәселелеріне айрықша тоқталды. Білім саласындағы өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.


 МАҚПАЛ НҰРЖАНҚЫЗЫ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ, ОҚЫТУШЫ
 – «Ең ірі өзгерістердің бірі білім саласында болып отыр. Яғни, білім жүйесі зайырлы деңгейде айқындалады.»


 Спикерлер жоғары оқу орындары мен «Байтақ» партиясынан келген. Олар жаңа Конституцияның әрбір бөліміне жеке-дара тоқталып, білім-ғылым, отбасы және құқықтық сауат мәселелерін түсіндірді.


 АЙМАН БАУМҰРАТОВА, МҰҒАЛІМ
– «Бізге барлығы түсінікті болды. Көкейімізде жүрген сұрақтарға жауап алдық. Болашақта осы ата заң іс жүзінде қолданыста болады деп сенеміз.»


Жиын барысында мектеп оқытушылары баяндамашыларға көкейтесті сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.