«Ғылыми және көркем шығармашылық еркіндігі жаңа Конституцияда бекітілген» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аймақтық инновациялық университетте ұйымдастырылған іс-шараға студенттер мен педагогтар қатысып, Ата заңдағы өзгертулер мен толықтыруларды талдады.


Конференцияда аға оқытушы Сабыр Иманбердиев баяндама оқып, ата заң жүйесінің тарихына тоқталды. Айтуынша, ең алғашқы Конституция Америкада қабылданған. Кейіннен негізгі заң құрылымы басқа да халықтарға тарап, мемлекеттік ережелер принципін шегендеген. Тарихшы сабақ барысында қазақ хандығы тұсындағы заңдар жинағы мен дербес Қазақстанның бұған дейінгі Концтитуция нұсқаларын таныстырды. Жаңа заң жобасындағы өзгерістерді санамалап, мән-мазмұнын түсіндірді.


САБЫР ИМАНБЕРДИЕВ, АЙМАҚТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
– «Жалпы Конституциялық тәртіп ережені ең алғаш қалыптастырған АҚШ.» «Неге қабылданатын себебі үйткені бұл негізгі заң. Яғни заңдардың барлығы Ата заңға негізделіп қабылдануы керек.»  Жаңа ата заң арқылы мемлекеттік биліктің тепе-теңдігіне қол жеткізуіміз қажет.»

Оқу орын студенттері мазмұны бай баяндаманы ұйып тыңдап, оқытушыға көкейтесті сауалдарын жолдады. Өзгертулер мен толықтыруларға қатысты ой-пікірлерін айтып, өзіндік көзқарас қалыптастырды.  


 ЕРКЕЖАН ӘБІЛҚАЙЫР, СТУДЕНТ
– «Тарих беттерін парақтап, хандарымыз енгізген Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның жеті жарғысы ежелгі заңдар»  «Осы тарихи заң нормалары арқылы жаңа өзгерістер туралы түсіндірді.»


Айта кетейік, Жаңа Ата заң жобасы 96 бап пен 11  бөлімнен тұрады. Қолданыстағы Конституцияға 84 пайыз өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.