Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен жаңа ата заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға Мирас университеті Құқық секторының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Нұржан Нұртазаұлы Жақсылықов қатысып, Конституция жобасының мән-маңызына тоқталды.

 Кездесу барысында жаңа ата заңның негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту тетіктері, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Спикер референдумның ел дамуы жолындағы стратегиялық қадам екенін атап өтіп, оның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударды. Іс-шараға 30-ға жуық сала маманы қатысып, көкейтесті сауалдарын жолдап, пікір алмасты. Қатысушылар конституциялық өзгерістердің практикалық маңызын атап өтіп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы мұндай кездесулердің қажеттілігін жеткізді.