Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек әр саланың белсенділерімен кездесу өткізді. Жиында Жаңа Конституцияның жобасы талқыланып, тиімді тұстары сөз болды. Қолданыстағы заңның заманға сай келмейтін тетіктері сараланды.


 Ата Заң қай қоғамда болмасын халық мүддесіне қызмет етуі лазым. Қолданыстағы заң Тәуелсіздігіміздің алғашқы кезеңінде өз миссиясын жоғары деңгейде атқарып шықты.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Тәуелсіздікке қол жеткіздік, Егемендігімізді алдық. Сол тұста қолданыстағы Конституция өз миссиясын жақсы атқарды.


 Жаңа Конституцияда «Біз біртұтас Қазақстан халқымыз», деп анық жазылған. Бұл еліміздің бірұлттылығын көрсетеді.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Реформаға түскелі отырған Конституцияда Біз біртұтас Қазақстан халқымыз деген. Ол жерге анық етіп жазып қоймаса да біз бірұлтты Қазақстан халқымыз. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Басқасының бәрі этнос деп айтылады.


Жиында әр саланың белсенділері Жаңа Конституцияда көрсетілген білім беру, медицина бағытына қатысты ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, наурызда өтетін Референдумға қатысуға шақырды.