Тәртіп сақшылары өңір мешіттерінде азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сайрам аудандық полиция басқармасы қызметкерлері тұрғындармен тікелей байланыс орнату мақсатында мешіттерде профилактикалық кездесулер өткізіп келеді.


Жиын барысында келушілерге интернет-алаяқтықтың алдын алу, күмәнді сілтемелер мен белгісіз нөмірлерден сақтану жолдары, есірткінің зияны, сондай-ақ отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Полиция қызметкерлері тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты кеңестер берді. Аталған іс-шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық сауатын арттыруға және қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған.