Келесі жылы елімізде мектеп оқулықтары жаңарады. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, келесі жылы 1 және 5-сыныптарға арналған жаңа оқулықтар енгізіледі. Ал 10–11-сынып оқулықтары қайта қаралып, мазмұны жаңартылады. Оқу ордалары өскелең ұрпақты сапалы біліммен қамтып қана қоймай, оларды жан-жақты тәрбиелеуге де назар аудармақ. Осы мақсатта 5–9-сыныптың бағдарламасына «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы енгізіледі. Сонымен қатар, «Конституция негіздері», экологиялық білім беру бағыттары оқу үдерісіне қосылады.