Шымкенттік полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың бірнеше дерегіне қатысы бар күдікті әйелді анықтап, ұстады. Полицияның хабарлауынша, күдікті хабарландыру қосымшасында қымбат смартфондарды арзан бағада сату туралы жалған ақпарат жариялаған.


 Атап айтқанда, iPhone 17 Pro Max телефонын нарықтағы құнынан әлдеқайда төмен бағада – 45 мың теңгеге сататынын көрсеткен. Тиімді ұсынысқа сенген қала тұрғындарының бірі «сатушымен» байланысып, көрсетілген шотқа ақша аударған. Алайда қаражатты алғаннан кейін әйел байланысқа шығуды тоқтатқан. Күдіктінің осыған ұқсас тәсілмен жасалған 4 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарға онлайн сатып алу кезінде сақ болуды ескертеді.