Шымкент саябағында есірткі жасырған күдіктілер ұсталды. Полиция патрульдеу барысында екі ер адамның күмәнді әрекетіне назар аударған.


 Тексеру кезінде олардың есірткі заттарын түрлі орындарға жасырын қалдыру арқылы таратумен айналысқаны анықталған. Аумақты тексеру және ұсталғандарды жеке тінту барысында сатуға дайындалған психотроптық заттардың 20-дан астам орамы тәркіленді. Сондай-ақ  жасырын орындармен бөлісу үшін пайдаланылған телефондар да айғақ ретінде алынған. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.