Ішкі істер министрлігі шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп азаматтарды есірткі бизнесіне тартудың трансұлттық схемасын жойды. Polisia.kz – тің хабарлауынша ұйымдастырушылар шетелде отырып, интернет-ресурстар арқылы “жалақысы жоғары жұмыс” туралы жарнама таратқан.
Заңды жұмыстың атын жамылып, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан. Олар орындаушыларға арнайы колл-орталықтар арқылы нұсқау беріп отырған. Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалды. Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды. Операция барысында синтетикалық есірткі, компьютерлік техника, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленген