Шымқала гүлқалаға айналып жатыр. Мегаполистегі экопаркке 5 мың дана сан түрлі сәнді ағаш көшеті отырғызылған. Одан бөлек, магистральді көшелер бойына 1,6 млн дана қызғалдақ егілген. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Экопарктің жалпы аумағы – 36,6 гектар. Бүгінге дейін 19,8 гектары игерілген. Қосымша 8 гектар аумақта суару жүйесін монтаждау жұмыстары жалғасуда. Осы уақытқа дейін 5 мың дана көшет отырғызылған. Олардың қатарында шегіршін, емен, катальпа, қарағаш, айлант, қайың, үйеңкі және басқа да ағаш түрлері бар. Саябақ заманауи үлгідегі суару жүйесімен қамтылған.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
Аумақта 11 су ұңғымасы бұрғыланған. Заманауи үлгідегі суару жүйелері, жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолдары осы аумақта қарастырылған. Қалдықтардың үсті мембранамен жабылып, 1–3 метрге дейін топырақ қабаты төселді.
Бүгінде шаһарда базарларды жаңғырту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Жаңғырту жөніндегі жол картасына 7 базар енгізілген. Оның ішінде «Алаш», «Самал», «Жаңа шаһар» сауда орындарын жаңғырту жұмыстары 2024 жылы аяқталған.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
Қалған 4 базар – «Автонұр», Орталық қырғы базар, «Назым апа», «Жабық базар» нысандарын жаңғырту жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Қазіргі таңда «Жабық базардың» кіреберісіндегі доға жаңартылды. Ұсақ-түйек сауда сөрелері сырланып, шатыр орнатылған.
Биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты шымкенттік шаруалар көктемгі дала жұмыстарына кештеу кірісті. Қала аумағында 21,1 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Шаруаларға 312 тонна дизель отыны бөлінді. Жеңілдетілген дизель отынының босату бағасы литріне 281 теңге болып бекітілген. Қазіргі уақытта шаруашылықтармен үйлестіру жұмыстары жүргізілуде.