Түркістан облысында полиция браконьерлерден 130 келіге жуық балық тәркіледі.


Polisia.kz мәлімдеуінше, Шардара аудандық полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар барысында заңсыз балық аулаудың жолын кескен. Браконьерлер қайық және балық аулау торларының көмегімен 130 келіге жуық балықты заңсыз аулаған. Биоресурстарды заңсыз өндіру фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.