Елімізде Ата заңның жаңа жобасы қабылданды. Енді 15 наурыз – Конституция күні. Бұл тарихи шешім ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашып отыр. Жалпыұлттық маңызы бар бұл шараға шымкенттіктер де белсенді түрде атсалысып, азаматтық ұстанымдарын айқын көрсетті. Маңызды бастамаға мегаполистегі Ардагерлер кеңесі де сүбелі үлес қосты.
Қаланың қариялары ел ішінде түсіндіру жұмыстарына белсене қатысты. Өздерінің бай тәжірибесімен бөлісіп, өзгертулердің тиімді тұстарын тәптіштеп түсіндірді. Қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев кеңес мүшелерімен жүздесіп, атқарылған жұмыстарды саралады. Ол референдумға дейін ардагерлер қауымы атқарған ауқымды істерді атап өтіп, замандастарына алғысын білдірді. Ардагерлер ел болашағына бейжай қарамай, жастарға бағыт-бағдар беруде маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Айта кетейік, биылғы жыл саяси науқанға толы болмақ. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыс көп.
КЕНЖЕХАН ТӨЛЕБАЕВ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Референдум өткізіліп, Конституция қабылданған соң, 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Осыдан кейін Парламент таратылады. Одан әрі сайлау тағайындалады.