«Жаңа Конституция – халықтың игілігі үшін». Шымкентте жаңа Конституцияның қабылдануына орай шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен арнайы дөңгелек үстел өтті. Жиында қатысушылар жаңа Ата заңның ел болашағына берер мүмкіндіктері мен азаматтық құқықтарды қорғаудағы рөлін талқылады.


Дөңгелек үстелде бас қосқан шығармашыл жандар, құжаттың халықтың әл-ауқатын арттыруға және қоғамдағы әділеттілікті нығайтуға қосар үлесі ерекше атап өтті.


БІРЖАН БАЙТУОВ, АЙТЫСКЕР-АҚЫН
 Халықтық Конституция деп аталды ғой енді. Шынында да бұл сөздің негізі бар. Тіпті жаңағы жер, жер байлығы халықтікі дегеннен бастап қаншама дүниелер елдің игілігі үшін жасалып жатқан дүниелер. Сондықтан осы бір бастамалардың оң нәтижеге жеткеніне өз басым шын жүректен қуаныштымын.


 Дөңгелек үстелде 15 наурыздың Конституция күні ретінде белгіленуінің маңызын түсіндірді. Ата заң – барлық құқықтық жүйенің іргетасы, сондықтан оны білу әрбір азамат үшін міндет. Жиын барысында референдумның халықтың тікелей қатысуы арқылы маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін тиімді демократиялық құрал екені де айтылды.


АНАР ЖАППАРҚҰЛОВА, ҚАЛАЛЫҚ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
 Еліміз үшін, жұртымыз үшін үлкен тарихи маңызы зор күнді бірге атқардық. Алдағы уақытты 15 наурыз Конституция күні болып бекітілгендігін президентіміз қуана қуаттады. Біз де жаңа заңымыздың еліміздің, жұртымыздың болашағымыз үшін, келешегіміз үшін кемел келешек үшін бізге бағдаршам болатын заңымыздың қабылданғанына қуаныштымыз. Ортақ қуанышымызды бөлісейік деп, бір-бірімізбен пікір алмасамыз деп бүгін бізде ұлыстың ұлы күнінің қарсаңында керемет шара өткізіліп жатыр.


 Жиында мәдениет саласының өкілдері қабылданған жаңа Конституция жобасы мемлекетті дамытудың жаңа кезеңі деп бағалады.