Шымкенттік полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы жойды. Polisia.kz мәлімдеуінше, жедел іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары есірткі заттарын дайындау үшін пайдаланылатын прекурсорларды жеткізу арнасын анықтап, жолын кескен.
Белгілі болғандай, химиялық заттар Шымкенттегі қоймадан Жетісу облысына жеткізіліп отырған. Онда екі ер адам есірткі зертханасын ұйымдастырған. Тексеру кезінде бір тоннадан астам прекурсор, 8000 доза шығаратын, 4,5 келіге жуық мефедрон, сондай-ақ оны дайындауға арналған арнайы жабдықтар тәркіленген. Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер есірткі заттарын тек Шымкент аумағында ғана емес, еліміздің басқа өңірлеріне де таратуды жоспарлаған.