Түркістанда полицейлер азаматтарға интернет алаяқтықтан сақтану жолдары жазылған мыңнан астам жадынама таратты.


Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қалалық прокуратура өкілдерімен бірлесіп, “Алдараспан” театрының концерттік бағдарламасы кезінде интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға мыңнан астам жадынама үлестірді. Шара барысында азаматтарға онлайн алаяқтықтың негізгі түрлері, алаяқтарға алданып қалмаудың жолдары және күмәнді сайттар мен хабарламалардан сақтану шаралары түсіндірілді. “Сенімсіз ақпаратқа немесе күмәнді сілтемелерге кірмеңіз. Жеке деректеріңізді және банктік шотыңызды қорғаңыз”, – деді полиция қызметкерлері.