Қала әкімі Coca-Cola İçecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчельмен кездесті. Кездесу барысында тараптар кәсіпорынды дамыту перспективаларын, соның ішінде өндіріс қуатын кеңейту және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.


Басқосуда жаңа өндірістік желіні орнату мен іске қосуға ерекше назар аударылды. Бұл өндіріс тиімділігін арттырып, компанияның нарықтағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ логистиканы жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу мәселелері пысықталды. Қолданыстағы жобаны кеңейту құны жалпы 21 млн АҚШ долларын құрайды. Оны жүзеге асыру нәтижесінде шамамен 25 жаңа жұмыс орны ашылады. Қала әкімі жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың және жоспарланған бастамаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырудың маңызын атап өтті.