100 оқушы қуанышқа бөленді. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында, Төлеби ауданы, Кемеқалған ауылдық округінде мектеп оқушыларына сый-сияпат жасалды.


Ауылдық округ әкімдігінің бастамасымен, меценат, қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Әсет Қайыпбековтің демеушілігімен округ аумағындағы 7 білім беру ұйымынан жиналған 100 оқушыға арнайы сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Аталған қайырымдылық шарасы – өскелең ұрпаққа қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың білімге деген ынтасын арттыруға, жүректеріне мейірім мен ізгіліктің дәнін егуге бағытталған игі бастама. Осындай ізгі іске қолдау білдіріп, балаларға қамқорлық танытқан демеушіге мектеп ұжымы мен ата-аналар шынайы алғыс білдірді.